«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Маңғыстау облысында жұртшылықпен, ауылдық округ тұрғындарымен, бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатқан әлеуметтік нысандардың құрылыс барысын тексерді.

 

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Асхат Оралов Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинмен, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабекпен, қоғам қайраткері Мұрат Әбеновпен және «Жер аманаты» комиссиясының өзге де мүшелерімен бірге Таушық ауылында Түпқараған ауданының тұрғындарымен кездесіп, жайылым жерлердің жетіспеушілігі және құнарсыздануы мәселелерін талқылады.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

Ауыл ақсақалы Амангелді Жүнбасовтың айтуынша, ауыл тұрғындарының мал жаятын жері болмай отыр. Ал жақын маңдағы жайылымдардың меншік иелері жергілікті тұрғындардың мал жаюына рұқсат етпейді. Сондықтан жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған жайылымдардың аумағын кеңейту мәселесі өзекті болып отыр.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

«AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жұмысына үлкен үлес қосып келеді. Президенттің пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөніндегі тапсырмасы орындалып жатыр. Соның нақты дәлелі: «Жер аманаты» комиссиясының атсалысуымен Маңғыстау облысында 240 000 гектар жер мемлекетке қайтарылды. Бұл жұмысты еліміздің барлық аймағында жалғастырамыз», – деп атап өтті Асхат Оралов.

«AMANAT» партиясы Маңғыстау облысында 240 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды

 

Бұдан соң, партияның Атқарушы хатшысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында 600 орындық мектептің құрылыс барысын тексерді. Жаңа білім ошағы «AMANAT»-тың сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында салынып жатыр. Биыл мектеп пайдалануға берілгеннен кейін, ауылда үш ауысымда білім беру және балаларды өзге ауылдардың мектептеріне алып барып отыру мәселесі шешіледі.

Сондай-ақ Асхат Оралов Ақтау қаласының 19А шағынауданындағы 432 пәтерлік көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты. Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Партияның сайлауалды уәделеріне сәйкес, тұрғын үй кезекте тұрғандарға, соның ішінде халықтың осал тобына бөлінеді.

Екі нысанда да құрылыс сапасын, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін, қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын қадағалайтын партиялық бақылау бекеттері ашылғанын атап өткен жөн.

Сол күні «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы облыстағы бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен кездесті. Бүгінде өңірде 16 мыңнан астам партия мүшелерін біріктіретін 102 БПҰ жұмыс істейді.

«Мұндай кездесулер аманаттықтарды толғандыратын мәселелерді біліп отыруға мүмкіндік береді. Себебі бастауыш партия ұйымдары – партияның негізі. Сонымен қатар партияның жаңа Саяси тұғырнамасын әзірлеу кезінде қатардағы партия мүшелерінің пікірі ескеріледі. Бүгінде БПҰ-ны ірілендіру, олардың әлеуетін күшейту жөнінде жұмыс жүргізілуде. БПҰ бастамаларын қолдау мақсатында жергілікті жерлерде жобаларды іске асыру үшін партиялық жарналардың 20%-ын қайтарып беру тәжірибесін енгіздік», – деді Асхат Оралов.

 

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.