«Тез арада 20-30 мың теңге керек деп сұраған» – әскерде қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың туыстары
«Тез арада 20-30 мың теңге керек деп сұраған» – әскерде қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың туыстары
Фото: yandex.kz
2,126
оқылды
Жамбыл облысындағы шекара бекетінде әскери борышын өтеп жүріп, қайтыс болған сарбаз Бекбол Мираштың туыстары жаңа мәліметтер айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. AstanaTV-ның мәліметінше, сарбаз туыстарынан қайта-қайта ақша сұраған. Сарбаз туыстарының айтуынша, Бекбол Мираш қайтыс болардан бірер күн бұрын туған-туыс, достарынан жанұшыра қомақты ақша сұрап хабарласқан. Қаралы хабардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдескен. Ұлының дауысындағы өзгерісті байқаған анасы себебін сұрағанда «ұйқыдан тұрып жатырмын» деп қысқа қайырыпты.
Марқұмның ағасы Қанат Қожахметов: «Ақша сұратуына қарағанда, ар жағында қысым көрсеткен. 17-сінен бастап ақша керек болып жатыр деп сұрапты. Содан кейін 19-ында қайтыс болды. Біреуден 20 мың, біреуден 30 мың тез арада керек болып жатыр деп сұраған. Өзі пысық бала, ортасының  алды болатын. Соған итермелеп отыр. Осының ашылуын талап етеміз», – дейді.
Олар тергеудің әділ өтуін, сарбазды өлімге итермелегендердің жазаланғанын талап етеді.   https://youtu.be/gIAGBr89Jps Бұған дейін марқұм Бекбол Мираштың соңғы жазған хабарламасы туралы жазған болатынбыз.