Қостанайда субсидияға бөлінген 161 миллион теңгені жымқырғандар қамауға алынды
Қостанайда субсидияға бөлінген 161 миллион теңгені жымқырғандар қамауға алынды
Фото: ainews.kz
604
оқылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында субсидияға бөлінген қаражат қолды болғанын анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Агенттіктің мәліметінше, «Шығыс Запад» ЖШС директоры  А.Нетесов, сонымен қатар Ж.Әнуарбеков және Д.Асанов 2018-2019 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында облыстағы шаруа қожалықтарының басшысын алдап, 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Сот қаржы жымқырғандарды құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сот залында қамауға алды.