2023 жылы ең төменгі зейнетақы көлемі көбейетіні белгілі болды
2023 жылы ең төменгі зейнетақы көлемі көбейетіні белгілі болды
Фото: ustinka.kz
2023 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақының ең төменгі мөлшерi  көбеюі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz. «Ашық» НҚА сайтында Қаржы министрлігінің «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет» жобасында зейнетақының ең төменгі мөлшерiн 48 032​ теңгеден 53 076 теңгеге дейін көбейту мәселесін талқылап жатыр.
«2023 жылы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 60 000 теңге , мемлекеттік базалық зейнетақының ең төмен мөлшері – 21 907 теңге, ал зейнетақының ең төмен мөлшерi – 53 076 теңге болып бекітілсін. Жасқа байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға көтеріле отырып белгіленсін», – деп жазылған ресми құжатта.
Келер жылы АЕК мөлшері өседі. Биыл ол  – 3 180 теңге, 2023 жылы   3 450 теңге болмақ. Бюджет жоспарына сәйкес, ең төменгі күнкөріс деңгейі  40 567 теңге болмақ.