Өскеменде жер үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды
Өскеменде жер үй өртеніп, 2 газ баллоны жарылды
Фото: news-r.ru
Өскеменде жер үй өртенді. Екі газ баллоны жарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт таңғы сағат 9.00 шамасында Сиреневая көшесінде болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін 2 газ баллоны жарылған. Бірі үйдің кіреберісінде, екіншісі шатырда болған. Әуел баста өртті үй иесі өзі сөндірмек болған. Жалын лаулап кеткен соң өрт сөндірушілерді шақырған. Қызыл жалын 100 шаршы метрге жайылды. Адамдар зардап шеккен жоқ. Өртті сөндіруге 4 техника мен жеке құрамнан 14 адам жұмылдырылды.