Қазақстанда қандай көліктер жиі сатылады?

Қазақстанда қандай көліктер жиі сатылады?

EnergyProm-ның зерттеуіне сәйкес, 2022 жылғы шілде айында Қазақстанда 4 мыңдай Chevrolet маркалы көлік сатылған. Hyundai (2,6 мың көлік), Kia (1,4 мың көлік), Toyota (903 көлік) және Lada (675 көлік) үздік бестікке енді. Қазақстандықтар арасында кеңінен танымал жаңа көліктердің ондығына Hyundai маркасының 5 моделі кірді: Tucson (810 бірлік), Sonata (433 бірлік), Santa Fe (414 бірлік), Creta (391 бірлік) және Elantra (373 бірлік). Сондай-ақ тізімде Chevrolet маркасының Cobalt (2 796 бірлік) және Nexia (957 бірлік) модельдері, Kia Sportage (917 бірлік), Toyota LC Prado (491 бірлік) және Lada Granta (276 бірлік) бар. Қазақстанда биыл шілде айында 11,6 мың жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық техника сатылған. Бұл былтырға қарағанда 9,1%-ға артық. Көрсеткіштің өсімі елдегі көлік зауыттарының қазақстандық тұтынушылардың қажеттіліктері үшін жедел қайта құрылуымен, ресейлік машиналардың тапшылығы кезінде ішкі нарықты толтырумен қамтамасыз етілді.