БҚО-да 4 күн бұрын жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды
БҚО-да 4 күн бұрын жоғалып кеткен студенттің мәйіті табылды
903
оқылды
Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен студент өлі күйінде Жайық өзенінен табылды. БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Ақжайық ауданында болған.
«Базаршоланнан Тайпақ ауылына қарай 10 шақырым жерде 25 тамыз күні жергілікті сағат 11.35-те жедел құтқару жасағы (3 құтқарушы, 1 техника, 1 жүзу құралы) 18 жасар жігіттің денесін Жайық өзенінен алып шықты. Ол киімшең күйінде суға батып кеткен», – делінген хабарламада.
Жақындарының айтуынша, Орал қаласында тұрған студент жаз кезінде Қыдырбай қыстағындағы туыстарына мал бағуға барған.