Мәжіліс депутаты жол құрылысының сапасын тексерді
Мәжіліс депутаты жол құрылысының сапасын тексерді
Бүгін Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында   Парламент Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Аманжан Жамалов Оралдағы 25-ші Чапай дивизиясы көшесі жолдарының жөндеу жұмыстары барысын тексерді. Орал қаласы Теміртау көшесінен 25-ші Чапаев дивизиясы №6 дейін Чапаев дивизиясы көшесінің жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2021 жылдан өтпелі кезеңмен жүріп жатыр. Аталмыш нысанның жұмыстары өткен жылдан бері жүргізіліп жатырғандықтан, жұмыстардың 90%-ы дайын. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, 10 күн шамасында нысан қолданысқа берілетін болады. жол Қазір 25-ші Чапай дивизиясы көшесінде таңба салу, жол белгілерін орнату, жол бойындағы арықтарды қазу, жол съездерін жасау жұмыстары жүргізілуде.
– Бұл нысанның жөндеу жұмыстары өткен жылдың күз маусымынан бастап жүргізілуде. Өтпелі нысан болғандықтан, қазір  жұмыстың негізгі бөліктері толығымен аяқталды. Ендігі кезекте таңба салу, жол белгілерін орнату секілді жұмыстар жүргізілуде. Жол ұзындығы – 600 м-ден астам. Жоба құны – 103 миллионды құрайды. Жол құрылысынан бөлек, жаяу жүргінші жолдарды салу және арық жүйесінің құрылысы да қарастырылған. Су құбыры жұмыстары да жобаға кіреді. Жалпы ұзындығы – 40 м. Объектіде 30 адам және 20 бірлік техника жұмыс істейді. Кепілдік мерзімі – 3 жыл. Бұл нысанды 10 күн  ішінде тапсыру қарастырылған, – деді Дастан Шамұратов.
жол Өз кезегінде,  Парламент  Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов  Орал қаласының ішкіқалалық жол жөндеу жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатырғанын атап өтіп, бұл нысанға   өз бағасын берді.
– Сайлау алдындағы науқан кезінде жөндеуді қажет ететін мектептер, ауруханалар ретке келтіріліп, қала көшелерінде жолдар салынады деп уәде берілді. Өңіріміздегі жол құрылысы мәселелері де  облыс тұрғындары үшін маңызды екені белгілі. Сондықтан бұл жұмыстарға ерекше ден қойылып, сапасына баса назар аударуымыз қажет. Біз өңірлерге сапар барысында сайлауалды бағдарламаның орындалуын қадағалаймыз. Атап айтқанда, мердігерлерден қандай қиындықтар, проблемалар бар екенін, қаржыландыру мәселелерін де сұраймыз. Ең алдымен, біз мердігерлердің нысанды уақытында тапсыру үшін жұмыстарды қалай орындайтынын қадағалаймыз. Қазір  осы жол мәселелері бойынша жеке бір министрлік құрса деген пікірлер де халық арасында кең тарауда, бірақ айтатыным, бұл мәселе толығымен сапалы және жүйелі сараптаманы қажет етеді, – деп хабарлады депутат.
Бұл нысанның құрылысымен танысқаннан кейін, қаламыздағы үлкен сауда орталықтарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің және мектепке қажетті құрал-жабдықтардың бағаларымен танысып, тікелей сауда орындарының басшыларымен кездесіп, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. жол Сондай-ақ  Аманжан Жамалов бірнеше күн ішінде облыстың бірқатар ауданына барып, әлеуметтік нысандарды, инженерлік коммуникацияларды жөндеу және құрылыс барысымен танысып, тұрғындардың тілектері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Кейбір тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары жергілікті және республикалық деңгейдегі уәкілетті органдар алдында көтерілетін болады.