Іле өзенінен заңсыз балық аулағандар ұсталды
Іле өзенінен заңсыз балық аулағандар ұсталды
© Сурет ғаламтордан
198
оқылды
Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылғы 14 ақпанда Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияның мемлекеттік инспекторлары Балқаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлескен рейдтік шара барысында Алматы облысы Балқаш ауданы Іле өзенінде 1988 ж.т. К.Н. азаматты «Аква Оптима 260» маркалы қайықта балық аулауға тыйым салынған аулау құралымен (электр тоқ) заңсыз балық аулау үстінде ұстады. Күдікті азамат заңсыз 15 кг ақмарқа балығын аулап, балық ресурстарына 93 050 тенге көлемінде залал келтірді. Аталмыш факты Балқаш аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, ҚР Қылмыстық Кодексінің 335 бабымен қылмыстық іс қозғалды.