Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Фото: gov.kz
340
оқылды
Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланды.  Министрлер жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін, екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады. Сондай-ақ мемлекет басшыларының жақында Сочи қаласында өткен кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды одан әрі іске асыру мәселелері қарастырылды.