Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-25.08.2022
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады-25.08.2022
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақмола облысының батыс, солтүстік, оңтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. 26 тамызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, тұман түседі. 26 тамызда күндіз Атырау облысында 35 градус ыстық болады. Облыстың батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодар облысының солтүстік бөлігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді. Павлодарда 26 тамызда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні найзағай кезінде 18 м/с дейін жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.