Тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған азамат ұсталды
Тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған азамат ұсталды
273
оқылды
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінің (тергеу изоляторы) сыртқы аймағындағы тыйым салынған аймаққа полиэтилен пакетке салынған белгісіз затты лақтырған азамат ұсталды. Тергеу изоляторының сыртқы қақпасындағы бекеттегі Күзет және режим бөлімінің бақылаушысы, әділет аға сержанты Азат Нұрмұхамбетовтың аса қырағылығының нәтижесінде құқық бұзушы азаматтың ойы іске аспады. Сонымен қатар жеке басына тінту жұмыстарын жүргізу барысында шалбарының қалтасынан 28 дана ақ түсті таблетка, диаметрі 2 см болатын 2 дана қою қоңыр түсті, шар тәрізді құйма  және қою жасыл түсті, өзіндік исі бар  өсімдік, 20 дана рапира алмасы, 50 дана трамадол дәрісі, 1 флакон тропикамид тамызғышы тәркіленді.  width= Аталған факті бойынша Атырау қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы шақыртылып, тәркіленген заттар сот-химиялық  сараптамаға берілді.