Әлеуметтік желіде Орал қаласында бірнеше әскери қызметшінің психикалық орталыққа жатқызылғаны туралы жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. «Әлеуметтік желіде Орал қаласындағы облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына 10 әскери қызметшіні жатқызу туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл - жалған ақпарат, шындыққа жанаспайды. Қазір аталған орталықта мерзімді қызметтегі бір әскери қызметші жатыр», - деген ақпарат таратты аталған министрлік. Сондай-ақ, ресми хабарламада психикалық орталыққа түскен әскери қызметші туралы айтылған. «2022 жылғы 9 тамызында Ақтөбе облысының қорғаныс ісі жөніндегі департаменті биыл маусым айында Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне шақырылған қатардағы жауынгер Қайрош Арманбек Базарұлын дәрігер-мамандарға қаралуға жіберді. Кейін қатардағы әскер «Бейімделудің бұзылуы» алдын ала дигнозымен облыстық психикалық денсаулық сақтау орталығына жатқызылды», - деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.