"Канелоның" командасы келесі қарсыласты тапты
"Канелоның" командасы келесі қарсыласты тапты
© Сурет ғаламтордан
207
оқылды
WBC Franchise және WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы Сауль Альварес 2 мамыр күні өтетін жекпе-жекке қарсылас іздестіруді жалғастыруда. Дереккөздердің мәліметтері бойынша, WBO нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен WBA Super нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смит Golden Boy промоутерлерінің ұсынысын қабылдамады. Бұл жағдайда Сауль өкілдері IBF нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Калеб Плантқа жекпе-жек ұсынады, деп хабарлайды Boxingnews24. 27 жастағы америкалық 2019 жылы Хосе Ускатегиді жеңіп әлем чемпионы атанды. Кейін ол Майк Лимен жекпе-жекте титулын сәтті қорғады. Осы демалыс күндері ол Винсент Файгенбутцтен белдігін қорғайды.