Бүгін ауа райы қандай болады?
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: replyua.net
204
оқылды
«Қазгидромет» 26 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Антициклон әсерінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады. Сондай-ақ Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсері сақталады. Осыған байланысты бұл өңірлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең шығыста, солтүстікте тұман түседі. Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық болады.