Кәрім Мәсімов пен үш орынбасарын тергеу аяқталды
Кәрім Мәсімов пен үш орынбасарын тергеу аяқталды
Фото: abai.kz
253
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы үш орынбасары және тағы екі лауазымды шенеунікке қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.  ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Мәсімовтің және Садықұловтың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі (мемлекетке опасыздық жасау), 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) Ерғожин ҚК 179-бабы 3-бөлігі (билікті күшпен басып алу) және 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану); Өсіпов ҚК 362-бабы 3-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану); Акипов және Бекмұрат ҚК 362-бабы 1-бөлігі бойынша (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) сараланды.
Қазіргі уақытта күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімі Мәсімов пен Сәдіқұловқа биыл 6 қазанға дейін, Ерғожинге биыл 13 қазанға дейін, Өсіповке биыл 22 қазанға дейін ұзартылды.