Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенатқа депутат сайланды
Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенатқа депутат сайланды
Фото: sputnik.kz
223
оқылды
Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан Сенатқа депутат сайланды, – деп хабарлайда Aikyn.kz. Inform.kz-тің мәліметінше, 24 тамызда өткен сайлау қорытындысы туралы жиынға ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысты. Баяндамашының ақпаратына сәйкес, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының аумақтық сайлау комиссияларының Парламент Сенаты депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау өткізілді деп танылды. Барлық үш өңір бойынша 346 мәслихат депутатынан дауыс беруге 311 депутат қатысты. Парламент Сенатындағы тиісті 6 мандатқа барлығы 12 кандидат (әр облыстан 4 адамнан) дауысқа түскен. Дауыс беру, өзге де сайлау рәсімдері сайлау заңнамасының нормаларына сай өтті. Сонымен, Сенат депутаты болып Абай облысынан: Байахметов Бақытжан Кәкенқаджаұлы; Арғынбекова Айнұр Серікпайқызы;
  • Жетісу облысынан:
Толамисов Амангелді Ғабдылкәрімұлы; Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы;
  • Ұлытау облысынан:
Медебаев Советбек Тұрсынұлы; Шайдаров Серік Жаманқұлұлы сайланды. Конституцияға сәйкес, Парламент Сенатының депутаттары 6 жылға сайланады. Олардың жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады.