«AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады
«AMANAT» партиясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай шығармашылық байқау жариялады
521
оқылды
Ақын-жазушыларды, драматургтер мен балалар авторларын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайынғы республикалық «Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды. Байқау жыл сайын «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесіп өткізіледі. 2019 жылы бастау алған байқау осымен төртінші рет өткізіліп отыр. Баспасөз мәслихатында партия Хатшысы Дәулет Кәрібек журналистерге байқауға қатысудың басты ерекшеліктері мен шарттары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Ахмет Байтұрсынұлы
«Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Ұлы дала» байқауының басты мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау. Биыл қатысушылар шығармашылық шеберлігін төрт номинация бойынша сынап көреді: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балаларға арналған шығарма». Негізгі номинациялардан бөлек, байқау аясында арнайы сыйлықтар да қарастырылған. Сондай-ақ қатысушылардың барлық шығармасы БАҚ-та жарияланады», – деді партия Хатшысы Дәулет Кәрібек
Спикердің айтуынша, биыл Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай арнайы сыйлықтар тағайындалады. Сонымен қатар, «Алаш аманаты» арнайы сыйлығы табысталады. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Роза Мұқанова қазіргі қазақ әдебиетіне, соның ішінде жас қаламгерлерге қомақты қолдау қажет екенін алға тартты. Ахмет Байтұрсынұлы
«Әдебиет – қолдауға зәру. Әсіресе, әдебиетке келген жастар қауымын қолдау қажет. Ал осындай конкурстар талантты жастардың әдебиет әлеміндегі беталысын айқындап, шығармашылығын оқырманға таныстырады», – деді жазушы-драматург Роза Мұқанова.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтайдың айтуынша, бүгінгі қоғамда көркем әдебиет айрықша орын алады. Ахмет Байтұрсынұлы
«Ұлы дала» шығармашылық байқауы – «AMANAT» партиясының алдағы уақытта жүйелі түрде ұлттың мәдениеті мен өнеріне қамқоршы болатындығының нақты бір дәлелі. Хакім Абай айтқандай, ақылы нұрлы, жүрегі жылы, қайраты ыстық толық адам қалыптасуы үшін жастар міндетті түрде көркем әдебиеттің уызын еміп өсуі керек», – деді Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанарбек Әшімжан мұндай іс-шара жас қаламгерлерді ынталандырып, шығармашылығына тың серпін беретінін жеткізді. Ахмет Байтұрсынұлы
«Ұлы дала» байқауы – мәдениет, руханият, әдебиет бағытындағы еліміздегі ең ірі жобалардың бірі. Қазіргі кезде проза, драматургия, поэзия жанрларында қалам тартып жүрген аса талантты жастар бар. Ал мұндай байқаулар – жастар қауымына шалқар шабыт сыйлап, жаңа шығармалар жазуға ынталандырады», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан.
Партия Хатшысы Дәулет Кәрібек байқауға келіп түскен барлық шығарма көзіқарақты оқырманның назарына күнделікті ұсынылып, ашық жарияланып отыратынын айтты.
«Қатысушыларға қойылатын барлық талаптар мен байқау барысы белгіленген ереже мәтіні бүгін БАҚ-та, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда және партияның ресми сайтында жарияланады. Ережеге сай келіп түскен шығармаларды бүркеншік есіммен аikyn.kz сайтынан арнайы ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында күнделікті жариялап отыратын боламыз. Кез келген қызығушылық танытқан адам сол жерден шығармалармен таныса алады», – деп атап өтті партия Хатшысы Дәулет Кәрібек.
Ахмет Байтұрсынұлы Айта кету керек, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Қатысушылар 26 тамыз бен 10 қазан аралығында іріктеледі. Байқау нәтижесі 25 қазан – Республика күні қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жарияланады.