Елордадағы бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімі берілді
Елордадағы бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімі берілді
Фото: elordazharnama.kz
423
оқылды
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп хабарлады.
«Қала әкімдігінің 11 тамыздағы 2022 жылғы 18 тамыздағы № 511-2308 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы № 216/28-VII шешіміне сәйкес жобалық атауы А82 көшеге Мұхамеджан Тынышбайұлының; жобалық атауы № 23-15 көшеге Қалибек Қуанышбаевтың; жобалық атауы Е11 көшеге Әзілхан Нұршайықовтың; жобалық атауы Е609 көшеге Әшірбек Сығайдың; жобалық атауы Е613 көшеге Саят Абеевтің; жобалық атауы Е632 көшеге Тұяқберді Шәмеловтің; жобалық атауы Е633 көшеге Бақтыгерей Құлмановтың; жобалық атауы Е635 көшеге Ғазиз Байтасовтың; жобалық атауы Е809 көшеге Жошы ханның; жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге Әмір Едігенің; жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге Роза Жаманованың; жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге Тұрмағамбет Ізтілеуұлының; Сығанақ көшесінде орналасқан атаусыз саябаққа «Бухарест» саябағы атауы берілді, – деп жазды басқарма басшысы.
Бұдан бөлек Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше Иманжүсіп Құтпанов көшесімен біріктірілді.