Арал мектебіне 34 миллион теңгенің сертификаты табысталды
Арал мектебіне 34 миллион теңгенің сертификаты табысталды
382
оқылды
Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Арал қаласындағы Ұзақбай Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясы үздік деп танылып, облыс әкімінің 34  млн теңге грантын иеленді. Шара барысында мерейлі марапатты Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев салтанатты түрде табыстады.
«Биыл біздің білім ордамыз үздік атанып отыр. Арнайы сертификатын алдық. Жалпы осы марапатты табыстау үшін соңғы үш жылдағы жетістіктер сараланады. Бұл тұрғыда біздің мектеп ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша үш жыл бойына жоғары нәтижені көрсетіп келеміз. Нәтижесінде 90 пайыз түлектеріміз мемлекеттік грант иеленіп отыр. Сондай-ақ түрлі пән олимпиадаларда үлкен жетістіктерге жетіп жүрміз. Бұл марапат соның нәтижесі деп айтуға болады», – деп түсіндірді мектеп директоры Руслан Сисенов.
Мектеп директоры бұл қаржыны мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсайтынын мәлімдеді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ

Қызылорда облысы