Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, – деп хабарлады akorda.kz.
Кездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.