Нұр-Сұлтан тұрғынының көлігінен 12,5 миллион теңге ұрлап кеткен
Нұр-Сұлтан тұрғынының көлігінен 12,5 миллион теңге ұрлап кеткен
© Сурет ғаламтордан
147
оқылды
12 миллион 600 мың теңгені Нұр-Сұлтан тұрғыны көліктің бардачкасында қалдырған. Көлік күзетілетін автотұрақта тұрған. "7 ақпанда полиция департаментіне елорда тұрғыны жүгінді. Әйелдің айтуынша, оның Lexus RX330 маркалы автокөлігінен ірі көлемде ақша ұрлаған. Ұрлық кезінде шағымданушы отбасымен бірге басқа жақта болған. Қаладан кетер алдында көлік күзетілетін паркингке қойылды", - деп хабарлады полиция департаменті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Ол Талдықорғанның 31 жасар тумасы болып шықты. "Ұрлық жасағаннан кейін ер адам Астанадан шығып, Алматыда болған. 13 ақпанда күдікті ұсталды және Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Ол кінәсін мойындады. Ұсталған кезде ер адам барлық ақшаны жұмсап үлгерген", - деп нақтылады ПД. Факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.