Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды
Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды
295
оқылды
26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 көліктері қақтысып, жол-көлік оқиғасы орын алды. Салдарынан Toyota Camry көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Үш кәмелет жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Қос көліктің жүргізушілері мен екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне босатылды. Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі “Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы” бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған.