Cын – сықақтың снайпері
Cын – сықақтың снайпері
Бұл кім деп ойлап қалмаңыз! Фельетондарын Сатирабек Снайпер деген бүркеншік атпен жаза қоятын, жемқорлар мен парақорлардың төбесін оятын, оқырмандары күлкі мәзіріне тоятын, сатира сарбазы Мұхтар Шерімнің бұрынырақ мынадай төрт төмдығы жарық көрген болатын: «Ымбаппа», «Кешіріңіз, сіз есек емессіз», «Быт–шытыңызды шығарамын!», «Талтайып тұрғым келеді!» Мұхтар Шерім Шона Смаханұлы атындағы сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас жүлдегері Мұхтардың қаламы қолынан түскен емес, өндіртіп жазып келеді. Сенбесеңіз, міне, жақында ғана «Біз ұялмай­мыз!», «Ештеңенің керегі жоқ!» атты екі томдық су жана сқақтар жинағы тағы да жарық көрді. Күлкінің күбісін пісіп, сатираның саумалын ішкен әзілкешке жазарыңыз таусылмасын, ешбір мінді естігісі келмейтін кереңау-керең шенеуніктердің құлағына жете берсін дегіміз келеді.