"WOW ARENA" кешенінде өтетін кештің басты жекпе-жегінде Владимир Минеев (Ресей, 13-1-1) пен Дәурен Ермеков (Қазақстан, 14-4) орта салмақтағы ұйым чемпионы атағына таласпақ. Дәурен Ермеков 2019 жылы желтоқсанда GFC уақытша чемпиондығы үшін айқаста азулы Артур Гусейновты төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. 11 сәуірде жолы болып жатса "Arlan mma pro team" өкілі бірден екі жетекші ресейлік ұйымның белдіктеріне ие бола алады. Владимир Минеев Магомед Исмаиловпен болған тарихи шайқастан кейін 2019 жылдың күзінде екі рет жеңіске жетті. Ауыр жарақаттан кейін толығымен қалпына келген «Волжанин» өзіне жаңа мақсат қойды. Ол – өзінің жауынгерлік мансабының көп бөлігін өткізген ұйымның белдеуін жаулап алу. Владимирге мұндай мүмкіндік 11 сәуірде Сочиде беріледі.