Бір жыл ішінде қазақстандықтар 236 мыңға өскен
Бір жыл ішінде қазақстандықтар 236 мыңға өскен
© Сурет ғаламтордан
269
оқылды
Қазақстан халқы бір жыл ішінде 236 мың адамға өсті, –деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті. "Ел халқының саны 2020 жылдың 1 қаңтарына 18 миллион 632,2 мың адамды құрады, оның ішінде қалалық - 10 миллион 893,8 мың адам (58,5 пайыз), ауылдық - 7 миллион 738,4 мың адам (41,5 пайыз). Статистикалық мәліметтерде көрсетілгендей, 2019 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 236,5 мың адамға немесе 1,3 пайызға артты. Қарастырылып отырған кезеңде еліміздің үш өңірінде: Алматы қаласында (62,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (57,6 мың адам) және Түркістан облысында (36,4 мың адам) жалпы өсім байқалды.