Түркістан облысында автобус жол апатына ұшырады
Түркістан облысында автобус жол апатына ұшырады
Түркістан облысында шетелдік автобус жол жиегіне шығып кетіп, апатқа ұшырады. 27 тамыз күні таңғы 07.18 шамасында Түлкібас АПБ кезекші бөліміне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полицейлер Шақпақ ауылының маңында 601 шақырым жердегі жол қиылысында автобус аударылып жатқанын көреді. Көлік жүргізушісінің қалғып кетуі салдарынан, рульге ие бола алмай,  жол шетіндегі ойпаң жерге түсіп кеткен. Тексеру барысында автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға жол жүріп бара жатқаны және ішінде шетелдік азаматтар бар екені белгілі болды. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алған шамамен 12 адам жақын маңдағы ауруханаға қаралды. Адам шығыны жоқ. Қазір аталған жайт  Қылмыстық кодекстің 345-бабы 2-бөлігімен тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Түлкібас АПБ анықтаушылары мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.