Теміртаудағы көпқабатты үйде газ жарылды
Теміртаудағы көпқабатты үйде газ жарылды
Теміртауда тағы бір көпқабатты тұрғын үйде газ жарылды. Жарылыс салдарынан пәтер иесі ауруханаға жеткізілген. КТК телеарнасының мәліметінше, жарылыс түстен кейінгі уақытта болған. Оның күшінен подьезд бен пәтердің терезелері талқаны шыққан. Мамандар газ қолдануда сақтық шараларын ұмытудың соңы апатқа әкелетінін тұрғындарға түсіндірді.
"Бес адамнан тұратын екі отбасы жатақханаға орналасты. 46 отбасы туыстары мен жалдамалы пәтерлерге кетті. Оның ішінде 10 отбасы пәтер жалдады. Оның қаражаты бюджет есібінен өтеледі. Тұрғындарға қираған пәтерлерден дүнелерін алуға бүгін рұқсат етілді. Одан кейін күрделі жөндеу жұмыстары басталады", – дейді Теміртау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әбдіғалиева.