Жәнібек Әлімханұлы Президентке төрт салмақта әлем чемпионы атануға уәде берді

Жәнібек Әлімханұлы Президентке төрт салмақта әлем чемпионы атануға уәде берді

Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Мемлекет басшысының құттықтау жеделхатына жауап берді. «Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, құттықтау жолдап, қанаттандырғаныңызға көп рақмет. Жаңа Қазақстанның жаңа әлем чемпионы атанып, қазақ елін қуантқаныма қуаныштымын", – деп жазды чемпион. Ол 4 жыл бұрын тарих жасаймыз деп Америкаға аттанғанын еске салады.

"Бүгін, міне WBO-ның әлем чемпионы титулын алған тұңғыш қазақ атандық! Қазір әлемдік спорт журналистері QAZAQ STYLE туралы жарыса жазып жатыр! Біз енді бастадық! Бұйыртса, төрт салмақта әлем чемпионы атанамыз! Әлемге QAZAQ STYLE-дың ерекше әлі мықты стиль екенін паш етеміз, тарихта қалдырамыз!» – деп жазды былғары қолғап шебері. Айта кетейік, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жәнібек Әлімханұлын құттықтаған болатын.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly)