80 жастағы Қытай турисі Францияда көз жұмды. Бұл – Еуропадағы аталмыш аурудан қайтыс болған бірінші адам, – деп хабарлайды РИА Новости. "Әңгіме 16 қаңтарда Хубэй провинциясынан Францияға келген қытайлық турист туралы болып отыр. Ол Bichat ауруханасына жатқызылды, 25 қаңтарда оны оқшаулау бойынша қатаң шаралар қабылданды. Оның жағдайы тез нашарлап, бірнеше күн бойы ауыр хәлде жан сақтау бөлімінде болды", - деп мәлімдеді Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен. Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын (ДДҰ) Ухань қаласында елдің орталық бөлігінде (Хубэй провинциясы) белгісіз пневмонияның өршуі туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады. Бұл – 2019-nCoV коронавирусы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдайды мойындады және вирусқа COVID-2019 ресми атауын берді. Қытайда аталмыш дертті жұқтырғандар саны 66,4 мың адамнан асты, 1523 адам көз жұмды, Қытайдан тыс жерлерде 500-ден астам адам жұқтырды.