Оқушылар автобуста тегін жүруге арналған көлік картасын демалыс күндері де ала алады
Оқушылар автобуста тегін жүруге арналған көлік картасын демалыс күндері де ала алады
1,269
оқылды
Астанада балаларға автобус картасын аламын деген ата-аналар демалыс күндері де орталық кассаға жүгіне алады. Бұл жайында «City Transportation Systems» көлік компаниясы ескертті.
«Құрметті ата-аналар! Оқу жылының басталуына бір аптадан аз уақыт қалды. Мектеп көлік картасын алатын уақыт келді. Сіздерге ыңғайлы болу үшін Орталық касса мереке күндері де, 29 және 30 тамызда жұмыс істейтін болады. Жексенбі, 28 тамыз - демалыс күні. Кассаға сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, сондай-ақ қалған күндері касса әдеттегі режимде жұмыс істейтінін еске саламыз» делінген мекеме мәліметінде. Жұмыс уақыты: сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз.
Жексенбі - демалыс. Орталық кассаның мекенжайы: Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1.