Қарағандыда ер адамды көлік жүргізушісі қағып, үстінен басып өткен
Қарағандыда ер адамды көлік жүргізушісі қағып, үстінен басып өткен
311
оқылды
Оқыс оқиға 21 тамыз күні сағат 22.00 шамасында қаладағы сауда үйлерінің бірінің көлік тұрағында орын алды.
Қарағанды қалалық ПД-ға қарасты Киров полиция бөліміне хабарлама түсе салысымен, бірден жедел-тергеу тобы оқиға орнына аттанды. Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
– Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді. Бейнежазбадан көлік жүргізушісінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орнынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізушісі жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орнына оқиға орнынан жылдам “ізін суытқан”,– деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.