Елорадада кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды
Елорадада кран басына шыққан ер адам 5 тәулікке қамалды
132
оқылды
26 тамызда ер адам Тараз қаласының құқық қорғау органдарымен арада туындаған проблемаға назар аудару мақсатында құрылыс кранының төбесіне шығып алған. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық сотынан мәлімдеді. Таратылған ақпаратқа қарағанда, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтың үстінен бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғаған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-тармағында 5 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қарастырылған. Іс материалындағы түсініктемеге сәйкес, азамат М. өзінің үстінен қозғалған қылмыстық іспен келіспейді. Ол өзінің іс-әрекетін басындағы проблемаға назар аударту мақсатында жасағанын түсіндірген.