Қазақстандық файтер қарсыласын 67 секундта жеңді
Қазақстандық файтер қарсыласын 67 секундта жеңді
291
оқылды
Алматыда аралас жекпе-жектен Octagon 34 турнирінде қазақстандық Райымбек Асан (1:0) мен тәжік файтерін Әли Шоев (1:1) арасында жекпе-жек өтті, – деп хабарлайды Sports.kz сайты. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және үш раундқа жоспарланған. Нәтижесінде Асан қарсыласын бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп шықты. Қазақстандыққа ол үшін небары 67 секунд қажет болды. Осылайша, Райымбек Асан кәсіпқой ММА мансабындағы екінші жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Әли Шоев екінші рет жеңіліске ұшырады.