СҚО-да терезеден құлап кеткен қыз аман қалды
СҚО-да терезеден құлап кеткен қыз аман қалды
194
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысында 2 жасар қыз терезеден құлап, аман қалды. Оқыс оқиға 26 тамызда Қызылжар ауданының Бескөл ауылында болған. 2 жасар қыз екі қабатты үйдің екінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Сәби аман, бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір, медицина қызметкерлерінің айтуынша, жағдайы қалыпты. Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ата-анасы қыз баланы жоғары сыныпта оқитын қыздарының қарауына қалдырған. Сәби абайсызда терезеден құлап кеткен. Осы дерек бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.