Желіде әлеуметтік көмек көрсетілетіні жайлы ақпарат тарады
Желіде әлеуметтік көмек көрсетілетіні жайлы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде 2022 жылғы 20 тамызда «Қ.Тоқаев атындағы әлеуметтік қордан» әлеуметтік көмек көрсету туралы жарлыққа қол қойылғаны туралы ақпарат таралуда. Хабарламаға сәйкес, бұл көмек мұғалімдерге, медицина қызметкерлеріне және мемлекеттік қызметкерлерге ұсынылады. Бұл – жалған ақпарат. «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ал президенттің атында Қазақстанда ешқандай әлеуметтік қор жоқ. Тек «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры бар. Мұндай хабарламалар – алаяқтардың ісі, жеке деректерді иемденудің амалы. Бұған дейін қазақстандықтарға «Қазақстан халқына» қоры қызметкерлерінің атынан қоңыраулар түсіп, көмек ұсынылған болатын. Қор өзінің ресми сайтында бұл ақпаратты жоққа шығарды.