Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Головкин Жәнібек Әлімханұлын құттықтады

Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлын құттықтады. "Жәнібек Әлімханұлын құттықтаймын! Қазақстанда чемпиондар көп болсын. Құтты болсын!" – деп жазды Головкин. Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO-дың толыққанды әлем чемпионы атанған еді. Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ресми қаулы шығарды, онда қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы WBO-дың толыққанды әлем чемпионы деп жарияланған.