Қостанайда атыс болып, екі адам жараланды
Қостанайда атыс болып, екі адам жараланды
331
оқылды
Қостанай облысында полиция төбелес кезінде атыс қаруын қолданған күдіктіні ұстады. Қазір бұл дерек бойынша "Адам өлтіруге оқталу" бабымен көзделген соталды тергеу басталды, – деп хабарлайды  Polisia.kz сайты. Полицияның мәліметінше, 27 тамызда сағат 17:50 шамасында "Юбилейный" бау-бақша маңында атыс қаруының қолданылуымен төбелес болған. Полицияның кешенді күштері оқиға орнына жеткен. Полицейлер оқиға орнынан оқ жарақатын алған екі ер адамды – 31 жастағы және 25 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғындарын тапты. Жәбірленушілер дереу ауруханаға жеткізілді. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Қазір олардың денсаулығы тұрақты. Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған дейін де сотты болған облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны бір сағаттан кейін қаланың солтүстік бөлігінде ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Атыс қаруы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, атыс қаруын сақтау және жасау дерегі бойынша процестік шешім қабылданып жатыр.