Бірнеше өңірде аптап ыстық болады
Бірнеше өңірде аптап ыстық болады
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Күндіз Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 29 тамызда түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 29 тамызда Батыс Қазақстан облысында 38 градус қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қауіпі облыстың оңтүстігінде сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында күтіледі.