Желіде Қорғалжын қорығында түсірілген 5 мыңға жуық қоқиқаздың видеосы жарияланды

Желіде Қорғалжын қорығында түсірілген 5 мыңға жуық қоқиқаздың видеосы жарияланды

Қазақстан биоалуандылықты сақтау қауымдастығының қызметкерлері Саумалкөлде қаптаған қоқиқаздарды видеоға түсіріп алды.

«Қазақстанның биологиялық алуантүрлілікті сақтау қауымдастығының қызметкерлері Қорғалжың қорығының Саумалкөл көлінен шамамен 5 мың қоқиқазды байқады. Видеодан қоқиқазбен қатар, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сұңқылдақ аққу мен ақбас үйректі де байқауға болады. Сонымен қатар жағалаудан объективке ілінбей қалған шамамен 500 ақбас тырна көзге түсті», – делінген қауымдастықтың Instagram парақшасында жарияланған видео сипаттамасында.
Мамандардың айтуына қарағанда, жылда осы мезгілде Қорғалжын қорығына әлуан түрлі құстар ұшып келеді.