Оралда қою қара түтін жұртты шошытты
Оралда қою қара түтін жұртты шошытты
485
оқылды
Оралда қара түтін жұртты шошытты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, адам төзгісіз иіс түн ортасына таман сезіле бастаған. Асан ауылының маңындағы ірі көлемдегі қалдықтарға арналған полигонда өрт шыққаны белгілі болды, - деп хабарлайды  mgorod.kz басылымы. Орал әкімдігі өрт сөндіру қызметіне қоңырау 27 тамызда сағат 18.25-те түскенін хабарлады.
"Ресми болжам бойынша, белгісіз біреулер түсті металл алу үшін кабельдерді өртеп жіберген, өрт "Жайық Таза Қала" ЖШС карьерінің аумағына өтіп, құрғақ шөптер мен бұталарды өртеп, шамамен 1 гектар алаңда орналасқан қоқысқа ауысқан. Елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ", - деді әкімдік баспасөз қызметі өкілдері.