Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының негізсіз өсуіне қатысты шағымдар қабылдайды, - деп хабарлады inbusiness.kz. Аталмыш тізімге Үкімет қаулысымен бекітілген 19 түрлі тауар кіріп отыр. Олар: – Бірінші сұрыпты бидай ұны – Бірінші сұрыпты ұнның наны – Тазартылған күріш – Картоп – Ас сәбізі – Пияз – Орамжапырақ – Қант – Күнбағыс майы – Сиыр еті – Тауық еті – Патерленген, майлылығы 2,5% сүт – Жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5% айран – Тауық жұмыртқасы – Ас тұзы – Майлылығы 4-9% ірімшік Аталған тауарлар бағасының негізсіз өсуін байқаған тұрғындар +7 (7172) 74-96-71 телефоны бойынша немесе телеграм-канал арқылы хабарласа алады.