Ақтөбе облысында көлік жарылып, жүргізуші денесінің 70 пайызы күйіп қалды
Ақтөбе облысында көлік жарылып, жүргізуші денесінің 70 пайызы күйіп қалды
344
оқылды
Ақтөбе облысында автокөлік өртеніп, жүргізуші денесінің 70 пайызын күйік шалды. Жарылыс бүгін таңертең Ақтөбе көшелерінің біріндегі жанармай құю стансасының жанында болған.
«Оқиға орнына барған бойда  Lada Granta  маркалы көлік жарылып, кейін от тұтанғаны белгілі болды. Өрт сағат 09.19-да сөндірілді. Көлік ішінде болған 60 жастағы жүргізуші денесінің 70% күйіп қалды. Жағдайы ауыр» – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.