Көкшетауда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Көкшетауда аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтаған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz
234
оқылды
Polisia.kz-тің хабарлауынша,  құқық қорғау органдары қызметкерлері жалдамалы пәтерге кіріп келгенде күдікті психотроптық заттарды өлшеп-ораумен айналысып жатқан. Оралған есірткі «закладчиктердің» қолына тапсырылып, кейін облыс орталығының аумағында таратылуы тиіс болған. Күдіктінің уақытша жалға алған пәтерін тінту кезінде жедел уәкілдер «трамадол» препаратының 18 пластинасын және «тропикамидтің» 16 ампуласын тауып, тәркіледі. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары салмағы 200 грамнан асатын ақ-сары түсті ұнтақты тапты. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Полицейлер анықтағандай, 26 жастағы ер адам біраз уақыт Көкшетау қаласында есірткі заттарын тапсырмаға сәйкес жасырумен айналысқан. Кейінірек ол «жоғары қызметке» ие болып, міндетті тауарды алып, синтетиканы пакеттерге орап, есірткі жасырушыларға тапсырып отырған. Полицейлер пәтерден электронды таразылар мен қалташаларды да тапты. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды.