Ақтаулық ер адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
Ақтаулық ер адам ұрланған көлікпен жол апатына түсті
163
оқылды
Ақтауда Opel Vectra автокөлігінің мас жүргізушісі тоқтап тұрған Hyundai Tucson автокөлігіне соқтығысып қалған. Opel Vectra автокөлігін тексеру кезінде жүргізушінің көлік басқару құқығы жоқ және мас екені анықталған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, ер адам 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар аталған автокөлік жүргізушіге тиесілі емес екені, яғни оның бөтеннің көлігін айдап кеткені белгілі болды. Қазір аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.