6 өңірде дауылды ескерту жарияланды
6 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" синоптиктері 6 өңірде дауылды ескерту жариялады.

30 тамызда Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 38 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 30 тамызда күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.

30 тамызда Абай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

30 тамызда күндіз Ақтөбе облысының басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Ақтөбе қ.: 30 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

30 тамызда күндіз Атырау облысында 38 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ: 30 тамызда күндіз 37 градус қатты ыстық сақталады.

30 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 30 тамызда төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 30-31 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, тәулік бойы 30, күндіз 31 тамызда-01 қыркүйекте облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.