Топтан шыға алмады
Топтан шыға алмады
289
оқылды
Венгрияда көше баскетболынан жастар арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық баскетболшылар Бахрейн құрамасын жеңді. Байрақты бәсекеде ел намысын Әнуар Арғынбаев, Тимур Батырқұл, Радислав Родионов және Степан Якубович төрттігі қорғап жатыр. Қазақстан құрамасы жарыстың кезекті күні Бахрейн жігіттерімен ойнап, 19:14 есебімен басым түсті. Артынша, дәл осы жігіттер Бразилия командасына есе жіберді. Қорытынды есеп: 19:22. Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «Д» тобындағы Литва және Украина командаларынан да ұтылған болатын. Нәтижесінде, 5 команда арасында 4-орынға ғана тұрақтады. Плей-оффқа осы топтан жоғарыда айтқан Литва мен Украина өтті.

К.ЕСІМХАН