1 464 жұмыс орны ашылады
1 464 жұмыс орны ашылады
189
оқылды
Қызылорда облысында мұқтаж жандарға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға қамқорлық өз деңгейінде жасалып келеді. Атаулы топ мемлекет тарапынан жәрдемақы төлеу, тиісті топтамалармен қамту шараларымен қамтылған. Жалпы, өңірде биыл атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге бюд­жеттен 5,1 млрд теңге қаржы қа­ралған. Облыс бойынша табысына қарамастан 32 мыңға жуық отбасы мемлекеттік жәрдемақымен қам­тамасыз етілген. Оның ішінде 2020 жылы өзгеріске енген жаңа тәсіл бойынша әлеуметтік көмек алу­шыларға бірқатар жеңілдік те қарастырылған. Негізінен, осы жылдың 3-тоқ­санында атқарылған жұмыстар нәтижесімен Қызылорда облысы бойынша кедейлік мөлшер 27 мың 339 теңгені құраған. Бұдан бөлек, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 1 жастан 18 жасқа де­йінгі балаға кепілді әлеуметтік топтамалар ұсынылып отыр. «Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға арнайы кепілді жиынтық тарапынан топтамасы ұсынылып отыр. Оның ішінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар азық-түлік жиынтығымен және гигиена заттарымен қамтамасыз етілсе, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектепте ыстық тамақпен, оқу құралдары және мектеп фор­маларымен қамтылады. Сонымен қатар мектепке қатынау жол шы­ғындары да өтеледі. Негізінен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік кө­мек көрсетуге 2022 жылға бюд­жеттен 5,1 млрд теңге қаржы қа­ралғаны белгілі. Оған биыл 7 айда облыс бойынша 10 656 отбасына 2,9 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді» деп түсіндірді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы бас­шы­сының орынба­сары Мейрамбек Абдукаримов. Негізінен, аз қамтамасыз етіл­ген отбасынан шыққан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға кепіл­дендірілген топтамаға республи­калық бюджеттен 1,2 млрд теңге қаржы бөлініпті. Бұл тұрғыда 1 тамыздағы жағдай бойынша 13 мың 188 бала азық-түлік және гигиеналық топтамамен қамта­масыз етілген. Сол сияқты орта білім беру ұйымдарында білім алатын 6 539 балаға қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз ету үшін тиісті қаражат төленген. Жалпы, есепті кезеңге 10 мың 656 отбасына 2 миллиард 858 мил­лион теңгеге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса, 10 мың 132 отбасына 2 миллиард 538 миллион теңге төленген. Сол сияқ­ты әлеуметтік келісімшарт негізінде көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды 1 784 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылып, 878 адам тұрақты жұмысқа ор­наластырылыпты. Бұған қоса, аз қамтылған от­басыларына коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетілуде. Оған 2022 жылға бюджеттен 462,6 млн теңге қаражат бөлінген. Есепті кезеңге 3 653 отбасына 172,9 млн теңгеге тұрғын үй көмегі тағайындалса, 3 653 отбасына 169,4 млн теңге төленген. Ал «Кәсіпкерлікті дамыту ­ұлт­тық жобасы» шеңберінде 14 мың 949 адамды қамтуға 13 405,7 млн теңге бөлінсе, жұмыспен қамту органдарына 24 мың 118 адам жұмыс іздеуші ретінде есепке алынып, Ұлттық жобаға қатысушы ретінде 22 мың 421 адам тіркелген. Жалпы, Қызылорда облысы бойынша 49 рет бос жұмыс орын­дар жәрмеңкесі өткізіліпті. Нә­тижесінде, 493 жұмыс беру­ші­лер­ден 2 065 бос жұмыс орны ұсы­нылған. Жәрмеңкеге қатысқан 2 685 жұмыссыздардың ішінен 633 адамға тұрақты, 327 адам уақытша жұмысқа орналастырылған. Сол сияқты 1598 адам мамандар тара­пынан кеңес алған. Негізінен, өңірде жыл басынан 3 412 адамға жұмысынан айыры­луына байланысты жәрдемақы тағайындалған. Бұған қоса, биыл «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде 128 жоба бо­йынша 1 464 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда облысы