Шымкенттік полицейлер қару-жарақ жасырылған екі орынды анықтады
Шымкенттік полицейлер қару-жарақ жасырылған екі орынды анықтады
Фото: polisia.kz
372
оқылды
ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің жазуынша, полицейлер қару мен оқ-дәрі жасырылған екі орынды анықтады. Тексеру нәтижесінде, полицейлер екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық, «Бенелли» аңшылық мылтығы, «Штурм» полиция қалқаны және бронды жилет, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі.    width= ҚК-нің 287-бабы 1және 3-бөліктері «Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Жедел уәкілдер қаруды жасырған адамдарды анықтап жатыр.