ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД-нің қызметкерлері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Polisia.kz-тің жазуынша, полицейлер қару мен оқ-дәрі жасырылған екі орынды анықтады.
Тексеру нәтижесінде, полицейлер екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, «Сайга» тегіс ұңғылы мылтық, «Бенелли» аңшылық мылтығы, «Штурм» полиция қалқаны және бронды жилет, сондай-ақ 115 патрон және Ф-1 оқу гранатасын тәркіледі.